ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев шығармашылығына арналған «Асыл арман» кеші өтті

10.02.2023

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Опера және Балет театрында қазақ музыкасына XX ғасырдың соңында өзіндік ерекшеліктерімен келіп, халықтың ән мұрасына сазды, назды лирика қосқан композитор, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Отан» орденінің кавалері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылды.

Туған еліне әуезді әндерін арнаған өнер иесі көзі тірісінде қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне көптеген әуен шығарып, 200-ге жуық ән, романс және хор туындыларын шығармаларын жазды.

Ұлтының жанын тербетіп, сезімін оятқан атақты композитор есімі жыл өткен сайын ел есінде жатталып, мәңгілік өмір сүрмек. Кеште елімізге белгілі ақындар Б.Тәжібаев, А.Асылбеков, К.Салықов, Қ.Бекхожин, Т.Оразбаева, Ш. Валихановтың сөзіне жазылған әндерін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера балет театрының солистері орындады.

«Асыл арман» концерттік кеші арқылы Е. Хасанғалиевтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын құрметтеуіне ықпал ету көзделген. Қазақ даласын әсем әнімен тербеген ұлы композитордың музыкалық мұрасы ғасырдан-ғасырға, сан ұрпақ жырлап өтетін құнды мұра болатыны сөзсіз.

 

Источник: NazarMedia