Нұрлан Жарасов

Нұрлан Жарасов

ҚР еңбек сіңірген қайраткері. “Құрмет” орденінің иегері.

1994 жылдан бері отыздан аса опера және балет спектакльдерінің қойылымына қатысты.Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын” , А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай”, М.Төлебаевтың “Біржан-Сара”;С.Мұхамеджановтың “Жұмбақ қыз”,“Ақан сері-Ақтоқты”, Б.Жұманиязовтың “Махамбет”;Е.Рахмадиевтің “Абылай хан”;А.Серкебаевтың “Ақсақ құлан”; Дж.Вердидің “Аида” ,“Травиата”,“Риголетто”; Дж.Пуччинидің “Чио-Чио-сан”,“Тоска”; Дж.Россинидің “Севильдік шаштараз”;Ж.Бизенің “Кармен”;П.Чайковскийдің “Евгений Онегин”, “Иоланта”,“Щелкунчик”;А.Аданның “Жизель”,“Корсар” опера және балет спектакльдерінің жүзеге асуына атсалысты.Н.Жарасов Г.Доницеттидің “Лючия ди Ламмермур”, Дж.Пуччинидің “Турандот”,В.Беллинидің “Норма” операларының концерттік қойылымдарын іске асырды.Ол театрда жыл сайын үлкен табыспен өтетін Опера және балет өнері фестивалін ұйымдастырушылардың бірі.