Ерболат Ахмедияров

Ерболат Ахмедияров

29.10.1982

2000 ж.-К.Байсейітова атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектепті “Фортепиано” мамандығы бойынша Тұрар Әбілхайырованың класында және 10 сыныптан бастап “Опера-симфониялық дирижерлық” мамандығы бойынша ҚР халық артисі Төлепберген Әбдірәшевтің класында бітірді.

2004 ж- Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияны екі мамандық бойынша үздік бітірді.

2004-2006 жж.- Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның асссистентура-стажировкасын екі мамандық бойынша өтті.

2004 ж.- Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрі бас дирижерының ассистенті.

2005 ж.-А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижеры.

2006 ж.- Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының стажер- дирижеры.

2007 ж.- Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры симфониялық оркестрінің дирижеры.

2007 ж.- К.Байсейітова атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектептің дирижерлық пәні бойынша оқытушы.

2008 ж.-Израильдың Ашдод симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Ваг Папянның класында стажировкадан өтті.

 

Марапаттары:

- Республикалық пианистер конкурсының лауреаты,2 сыйлық,Астана,1999 ж.

- Халықаралық жас пианистер конкурсының лауреаты,3 сыйлық, Алматы,2000 ж.

- Н.Тілендиев атындағы дирижерлардың 1 республикалық конкурсының лауреаты,1 сыйлық,2005 ж.

- Н.Тілендиев атындағы дирижерлардың 2 республикалық конкурсының лауреаты,Гран-при сыйлығы.

- Республикалық пианистер конкурсының лауреаты,Астана.

- “Шабыт” республикалық шығармашылық жастар фестивалінің пианистер конкурсының лауреаты.

- Орталық Азия,Қазақстан,Әзірбайжан республикалары пианистерінің Бірінші халықаралық конкурсының лауреаты,Алматы.

- Йорма Пануланың (Финляндия) мастер-курстарына қатысты, (2009 ж.Веймар,Германия)