«НАУРЫЗ-ДУМАН» мерекелік концерті өтті

07.04.2023

   «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында» көктем мерекесіне орай «Наурыз-думан» мерекелік концерті өтті.

   Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына ұйымдастырылған тамаша кеште отандық композиторлардың ариялары, әндері, романстары, аспаптық шығармалары, сонымен қатар қонақжай қазақ даласында бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан этностардың музыкалық дәстүрлерін паш ететін туындылар шырқалды.

   Концертке Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының опера солистері мен оркестр әртістері, танымал қазақстандық музыканттар қатысты. Кеш бағдарламасында М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» айтысынан опера, «Наш милый доктор» фильмінен ән үзінділері, Ғ. Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсынан ария және басқа да көпшіліктің сүйікті әндеріне айналған шығармалар орындалды.

   Сан алуан әуезді әуендер кеш көрермендеріне шаттық пен мерекелік көңіл-күй сыйлап, шашу шашылып, ұлттық дәм ұсынылды.

 

Фотосуреттер Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі тарапынан берілді. Фотограф Кайрат Коныспаев

 

NazarMedia