Алматыда «Ұрмалы аспаптар дәуірі» атты ерекше концерті өтті

27.01.2023

Абай ат. ҚазҰОБТ-ның сахнасында театрымыздың оркестр солисі, ұрмалы аспаптар тобының концертмейстері Бекбай Сағынбековтың 60 жас мерейтойына орай ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Абай ат. ҚазҰОБТ бас дирижері Ерболат Ахмедьяровтың басқарған симфониялық оркестрінің қатысуымен «Ұрмалы аспаптар дәуірі» атты ерекше концерті өтті.

Кештің ерекшелігі - танымал шығармалармен қатар, ұрмалы аспаптар үшін сирек орындалатын үздік, әлемдік шығармаларды да тыңдау.

Бекбай Сағынбеков - ұрмалы аспаптар тобының концертмейстері, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері. Бүгінде музыка мен театр өнерінің қара шаңырағына айналған Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында 40 жыл бойы табан аудармай, қазақ театрының өркендеу ісіне үлес қосып келеді.

Концерт 2 бөлімнен тұрды:

1 бөлімде оркестрдің ішекті аспаптар құрамы мен ұрмалы аспаптар тобының орындауында Ж.Бизе - Р. Щедринның «Кармен-Сюита» шығармасы ұсынылды.

Ұзақ уақыттан бері алғаш рет «Кармен-Сюита» шығармасы театр сахнасында оркестрмен көптеген ұрмалы аспаптармен орындалып, аспаптардың қалай көрінетінін, музыканттардың қалай ойнайтынын көруге мүмкіндік берді. Екінші бөлімде ұрмалы аспаптар ансамблі үшін сирек кездесетін А.Хачатурянның «Лезгинка», «Вестсайдская история» шығармасынан Л. Бернстайнның «Мамбо» шығармасы, А-студио тобының әндерінен поппури және т.б. танымал шығармалар орындалды.

 

Фотосурет: Елена Петрова

Mezgil.kz