ДОН ПАСКУАЛЕ

Г. Доницетти

 

«Дон Паскуале»

 

3 бөлімді опера-буффа (күлкілі опера)

итальяндық либреттосы Микеле Аккурси

(лақап аты Джованни Руффини)

Анджело Анеллидің «Сэр Марк Антонио»

бұрынырақтағы қайта өңделген либреттосы

История

Стефано Павесидің «Сэр Марк Антонио» пьесасы бойынша жазылған Джованни Руффинидің либреттосына қойылған Италияндық композитор Гаэтанно Доницеттидің «Дон Паскуале» операсы алғаш рет 1843 жылы 3 қаңтарда Италияда жарық көрді.

Гаэтанно Доницетти аталмыш операға 1842 жылы театр меңгерушісі Жюль Габриэль Жаненнен тапсырыс алған. Ол заматта композитор Париждегі италияндық театрда көрсетіліп жүрген «Линда де Шамуни» операсымен жұмыс істеп жатқан. Орындаушылар құрамында нағыз «жұлдыздар»: Жюлия Гризи, Мари ди Кандиа, Луиджи Лаблаш, Антонио Тамбурини болған.

«Дон Паскуале» операсы құрылған кезде Гаэтано Доницеттидің даңқы асқақтап тұрды, бірақ бұл оның бақытты жылдары деп есептеу қате. Алайда, жан дүниесіндегі күйзеліске қарамастан, Доницетти комедиялық операны жазуды қолға алып, оны әдеттегідей рекордтық уақытта жасап шығарды. Классикалық комедия ережелеріне сәйкес, «Дон Паскуале» операсы бір локацияда, яғни негізгі шытырман оқиғалар бастау алатын үй ішінде орын алады.

 

«Дон Паскуале» операсының премьерасы Алма-Атада Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында 1955 жылдың 9 қазанында болған.

Спектаклдің режиссері А. Баранников, қоюшы-суретшісі А. Молдабеков, дирижері В. Чернов, хормейстері П. Окрушко, балетмейстері Ю. Ковалёв болған. Тұсаукесерінде бас партияларды орындаған: Дон Паскуале - А. Казакевич, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Эрнесто - Ю. Якунин, Норина - Н. Куклина, Дәрігер Малатеста - Н. Воронков.

Кейініректе Дон Паскуаленің партиясын В. Харитонов, Норинаның партиясын – Г. Яхимович және К. Бобошко орындаған.

Опера театрда екі жыл сахналанып, қайта жаңартылмаған.

Көптеген жылдардан кейін Гаэтано Доницеттидің ең жақсы операларының бірі Абай ат. ҚМАОБТ сахнасына қайта оралды.

 

МАТТЕО МАЦЦОНИ

«Дон Паскуале»: режиссері, сценографы, костюмдер бойынша дизайнері

 

«Дон Паскуале» операсының сюжеті көптеген «опера-буффаларға» тән, әдеттегі «Commedia dell 'arte» оқиғасын баяндайды. Мұндай сюжеттің жарқын мысалдарының бірі - Гаэтано Доницеттидің шығармасынан 100 жыл бұрын жазылған Джованни Батиста Перголезидің «Қызметші ханым» операсы: бай әрі зеріккен кәрі шал кедей, бірақ мінсіз сұлу және керемет ақылды, алайда басқа адамға ғашық жас қызға үйленгісі келеді. Бұл махаббат үшбұрышында барлық түсініспеушілік пен күлкілі жағдайлар туындайды.

Доницеттидің «үш бөлімді драма-буффа» деп өзі атаған операсының сюжетінде, біз бас кейіпкерлер - қарт Дон Паскуалемен, оның жас жиені Эрнестомен, айлакер дәрігер Малатестамен және Норина сұлумен кездесеміз.

Жаңа қойылым - бұл бүкіл тарихқа өткен ғасырлардағы әйелдерді азат ету символы ретінде Норинаның көзімен қарау, осы арқылы біз сіздерге 1800-ден 1950-жылдарға дейін, «Vacanze Romane» дәуіріне, сондай-ақ бүгінгі 2019 – заманауи Италияның сән-салтанаты ортасына саяхаттауға шақырамыз...

 

Бірінші бөлім. Рим, 1800 жылдың басы, шымылдық Норинаның күйеуін жерлеу барысында ашылады... кейінірек, Дон паскуаленің үйіне кірген соң, сюжеттің ортасында көпшілік Норинаны сол кездегі әлеуметтік ережелерде айтылғандай «тор үйде» қарсы алады. Сол сәтте, Норинаның сүйген адамымен өмір сүре алмайтындығын еске түсіреміз.

Сюжет дамыған сайын, Норина күшейе түседі ... жаңа бейнедегі Норинамен көрермендер екінші бөлімде - 1950 жылдардағы Римде кездеседі, онда ол барлық әртістер сияқты әдеттегі италияндық комедиялық фильмнің Витторио Де Сика, Марчелло Мастроянни және Софи Лорен секілді кейіпкерлеріне айналады.

Сонымен, үшінші акт - бұл қазіргі заманғы қуатты әйелге айналған Норинаның зор жеңісі. Бұл бейне барған сайын біздің қоғамымыздың орталығына айналуда, сондықтан біз бұл оқиғаны 2019 жылғы итальяндық сән мен дизайнның теңдесі жоқ салтанатымен ұсынуға бел будық .

Жаңа қойылым итальяндық атмосфера мен стильді қайта өңдеудің талғампаз мәні бар күрделі сценографиялық сюжетті құрайтын көптеген арнайы эффекттер мен «уақыттан уақытқа ауысатын» қозғалыстарды қамтиды, барлығы заманауи технологияны опера әлемімен үйлестіретін бейне проекциялармен толықтырылған.

Уақытты саяхат идеясын біз костюмдердің дизайнерлік шешімдерінде, әртүрлі дәуірдің сәніне сәйкес материалдар мен өрнектерді іздеуде жүзеге асырамыз. Мұның бәрі «Дон Паскуале» операсын бейнелейтін керемет қойылымның әсерін жасайды, көңілді, өмір мен махаббат рапсодиясы.