Абай

А.Жұбанов, Л.Хамиди
"АБАЙ"
Екі бөлімді опера
Либреттосын жазған М.Әуезов
Қатысушылар:

Абай: ақын, ағартушы

Ажар: Айдардың ғашығы

Айдар: ақын, Абайдың шәкірті

Жиренше: би

Әзім: Абайдың туыс әрі шәкірті

Қарлығаш: Абайдың туысы

Көкбай: ақын, Абайдың жас досы

Сырттан: жоғарғы би, ақсақал (құрметті қарт)

Нарымбет: Жиреншенің туысы

Мес: Нарымбеттің нөкеріндегі жігіт

 

Жігіттер, қарттар, әйелдер, бұқара халық

 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балеті

 

Қойылымдық топ:

 

Қоюшы-дирижері - АЛАН БӨРІБАЕВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Режиссері - АНДРЕА ЧИНЬИ (Италия)

Сценографы - БЕНИТО ЛЕОНОРИ (Италия)

Костюмдер бойынша суретшісі - СИМОНА МОРРЕСИ (Италия)

Жарық бойынша суретшісі - ФИАМЕТТА БАЛДИССЕРИ (Италия)

Хореографы - ДЖОРДЖИО МАНЧИНИ (Италия)

Видео графикасы - МАРИО СПИНАЧИ (Италия)

История

   Композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің, сондай-ақлибретто авторы Мұхтар Әуезовтың шығармашылық одағынан туындаған «Абай» операсы Абай ат. Қазақ мемлекеттік академиялық опера және

балет театрының жылсайынғы театрлық маусымын ашады.Операны жазудағы бастапқы нүкте Ахмет Жұбановтың Мұхтар Әуезовтың аттас драмалық спектакліне жазған музыкасы болыптабылады.

 

   Сонау 1940 жылы Ахмет Қуанұлы пьеса авторына толықдрамалық спектакльдің сюжетін негізге алып, алайда мәтінді қоюлатып, қысқартып операға либретто жазып беруін өтінеді. «Абай» операсы – бұл екі жас – Айдар мен Ажардыңромантикаға толы ыстық махаббаты, адамдардың ақ-қарасы айқындалатын, консерватизм мен реформаторлықтың бітпейтінарпалысы. Операда тозы шыққан заңдарға қарсы Абай мен оның шәкірті Айдар шығады. Қос композитордың тамаша музыкасықаһармандардың түрлі эмоциялары мен сезімдеріне үңілуге ерік береді –махаббат, үрей, қуаныш, жақынынан айырылу күйініші мен үміт сәулесі.

 

   Тұңғыш рет 1944 жылы «Абай» операсының премьерасы Қазақакадемиялық опера және балет театрының сахнасында орын алды. Спектакльдіңалғашқы режиссері Құрманбек Жандарбеков, декорация суретшісі Құлахмет Қожықов, дирижері Леонид Шаргородский болды.1958 жылы театрдың дирижері Байғали Досымжанов операның жаңа редакциясын жүзеге асырды. Операның осынау тарихи қойылымы ұзақ жылдарға дейін сақталып келді. Алайда 2014 жылы Абай ат. МАОБТ көпшілікке операның жаңа нұсқасын италияндық режиссерлердің, хореографтар мен суретшілердің қойылымында ұсынды.

 

   «Абай» операсы – Қазақстанның операдағы ең үздік жетістіктерінің бірі. Баспартияларды тұңғыш орындаушылардың есімдері еліміздің музыкалық тарихына алтынәріптермен жазылған: Ришат Абдуллин және Қанабек Байсейітов (Абай рөлінде), кейінірек бұл образды Ермек Серкебаев және Ғафиз Есімов сомдады, Күләш Байсейітова, Шабал Бейсекова және Роза Жаманова Ажар рөлінде гауһардай жарқырады, Әнуарбек Үмбетбаев, Байғали Досымжанов, Нариман Қаражігітов және Әлібек Дінішевтер ғашық Айдардың бейнесін сахнада талай сомдаған.