История

«Абай» операсы – Қазақстанның опера өнерінің ең үздік жетістіктерінің бірі. Бұл – Қазақтың қазіргі заманғы мәдениетінің негізін қалаған үштік – композиторлар А.Жұбанов пен Л. Хамидидің, жазушы М.Әуезовтің ұлы музыкалық және сахналық шығармасы, ол әлі күнге дейін өзінің классикалық дүниетанымында операның жетілу шыңына көтерілудің белгілі бір нәтижесі болып көрінеді.

Опера либреттосын Мұхтар Әуезов өзінің «Абай жолы» романына негізделе отырып жазған. Романның кейіпкері - белгілі қазақ ағартушысы, философ, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, орыс және еуропалық мәдениетті жақындастыру рухындағы мәдениеттің реформаторы - Абай Құнанбаев (1845-1904).

Музыканың авторлары - көрнекті музыкатанушы, дирижер, Қазақстанның музыкалық білімінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Жұбанов және композитор, көптеген романстар мен вальстердің авторы Латиф Хамиди болды.

Операны жазудағы бастапқы нүкте Ахмет Жұбановтың Мұхтар Әуезовтың аттас драмалық спектакліне жазған музыкасы болып табылады. Сонау 1940 жылы Ахмет Қуанұлы пьеса авторына толықдрамалық спектакльдің сюжетін негізге алып, алайда мәтінді қоюлатып, қысқартып операға либретто жазып беруін өтінеді.

«Абай» операсы – бұл екі жас – Айдар мен Ажардың романтикаға толы ыстық махаббаты, адамдардың ақ-қарасы айқындалатын, консерватизм мен реформаторлықтың бітпейтін арпалысы. Операда тозы шыққан заңдарға қарсы Абай мен оның шәкірті Айдар шығады. «Абай» операсы махаббат пен еркіндіктің салтанаты идеясының музыкалық және сахналық нұсқасы. Абайдың бейнесі Грек трагедиясындағы сәуегей-батырлардың кейіпкерлері сияқты халықтың этикалық ар-ожданы ретінде қабылданады. Барлық кейіпкерлер шындық пен жалғандықтың, әділеттілік пен опасыздықтың, мейірімділік пен қызғаныштың, адалдық пен сатқындықтың, сезім мен парыздың арасында таңдау жасайды. Абайдың бейнесі өмірдің қарама-қайшылықтары мен қайғылы жағдайларына, ең болмағанда жеке өмірді, махаббат пен өз болмысын танытуда еркін болуға талпынғанына қарамастан, опера соңында адамның идеалы ретінде қабылданады.

Қос композитордың тамаша музыкасы, опера мәдениетіндегі кәсібиліктің жеткіліксіздігі және қарапайым есту тәжірибесі, авторларға драмалық міндеттерді толығымен шешуге және музыкаға әсерлі сипат беруге мүмкіндік бермеді. Музыкалық материалды симфонизациялауда оркестр палитрасын жеткілікті қолданбаған. Дегенмен, мұның бәрі тыңдаушыларды кейіпкерлердің махаббат, үрей, қуаныш, жақынынан айырылу күйініші мен үміт сәулесі секілді түрлі эмоциялары мен сезімдеріне толығымен енуіне кедергі келтірмейді. Опера музыкасында композиторлар Абайдың танымал: «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қай талқы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Ұзын қайың» әндерін қолданған. Музыкалық шешімнің әуезділігі, халықтың ән мұрасымен тығыз байланысты болуы, туындының сәтті шығуына ықпал етті.

Кейініректе, операның музыкалық материалын опера авторларының бірінің қызы өңдеді. Композитор Ғазиза Жұбанова операның кейінгі сахналық өмірінің мүмкіндіктерін пьесаның сахналық шешімінде ғана емес, музыкалық материалдың өзінде де көрді, сондықтан оркестр құрамындағы автордың партитурасына біраз өзгерістер енгізді.

«Абай» операсы – қазақ композиторларының алғашқы тәжірибесі, ал қазақ музыкасында бұл оныншы ғана еді, ол кезде Батыс Еуропаның опера мәдениетінің үш ғасырлық тарихы бар болатұғын.

«Абай» операсының премьерасы 1944 жылы Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында, ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының туылғанына 100 жыл толуына орай орын алды.

Композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің, сондай-ақ либретто авторы Мұхтар Әуезовтың шығармашылық одағынан туындаған «Абай» операсы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жылсайынғы театрлық маусымын ашады. Отандық операның үлкен жетістігі әлемнің мәдени астаналары арқылы өтетін салтанатты шерумен жалғасын тапты.