Екі бөлімді ритм-рок балет
А.Вознесенскийдің “Авось” поэмасының желісімен
либреттосы- А.Дементьев
Қатысушылар:
Граф Резанов
Кончитта,Сан-Франциско губернаторының қызы
Диуана
Губернатор
Пролог
Шіркеу қызметі жүріп жатқан кезде Диуана халықтың ауыр тағдыры,
қиыншылықтары жайлы әңгімелейді.
Граф Резанов Америка жағалауларына “Юнона” мен “Авось” кемелерімен алғашқы экспедиция ұйымдастыру туралы рұхсат сұрайды.Оның ойынша,осы сапар екі ел арасындағы сауда және саяси қатынастарды қалыпқа келтіруге, Россияның гүлденіп, нығаюына әсер етеді.
Резанов әйелінің өліміне қатты қайғырып,Құдай Анаға құлшылық етеді.Оған Құдай Ана тіріліп,әйелге айналып,оны жұбатқандай болады.
Америкаға экспедиция аттандыруға рұхсат етілген хабардан соң,Резанов теңізшілерден команда жинап,өзі солармен бірге аттанады.Қасына ерген Диуана графты қиын да ауыр сапар кезінде қорғап,көмектесуге тырысады.Қаншама қиындықтарды бастарынан өткере отырып,олар Калифорния жағалауларына жетеді.
Сан-Францисконың губернаторы алыс Россиядан келген қонақтардың құрметіне бал ұйымдастырады.Осы балда Резанов губернатордың қызы Кончиттаны кездестіріп, жас қыздың сұлулығына тәрнті болады. Қыз оған Құдай Ананың бейнесін елестетеді.Кончитта өзін биге шақырған орыс теңізшісін ұнатып қалады.Қыз құлшылық жасап тұрған кезде Резанов келіп, өзінің оған деген шексіз махаббаты мен сүйіспеншілігін білдіреді. Кончитта мен Резанов бірге,олар сондай бақытты.
Екі ғашықтың жолына діни сенімдерінің бөлектігі кедергі болады.Резанов Россияға барып, католик қызбен некеге отыруына рұхсат алуға бекінеді.
Петербургқа барар жолда Резанов қайтыс болады.Өмірінің соңғы сәтінде ол мейірім,пәктік,тазалықтың символы- Ана Құдайдың бейнесінде кездескен сүйіктісі жайлы ойлайды.
Теңізшілер командирлерінің өліміне қайғырып, аза тұтады.
Кончитта ғашығының оралуын күтеді. Үміт пен күдікке толы көптеген жылдар өтеді...
Резановтың өлімі жайлы хабарсыз Кончитта өмірден озады.
Эпилог
Ғашықтар өмірден кеткенімен олардың махаббаты мен адалдығы мәңгілік..
Жиырмасыншы ғасырдың адамдары!
Сіздің ғасыр аяқталуға жақын.
Жауап іздеп,жанұшырып
Мәңгіліктің сұрағына.
Ғашықтардың махаббаты жасасын!
Ұрыс-керіс,жанжалменен
Өмірдің мәнін ұмыттық-
Мәңгілік махаббат жасасын!
Тарихи анықтама
Николай Петрович Резанов (1764-1807) атақты орыс саяхатшысы және мемлекет қайраткері,Россия- Америка сауда компаниясы құрылтайшыларының бірі.
Измайлов полкінің лейб-гвардиясының поручигі,кейін Россия-Америка компаниясы басқармасының меңгерущісі қызметін атқарды.1806 жылы Калифорнияға барып,
Россия-Америка компаниясы мен испан колонистері арасындағы сауда байланысын қалыптастыруға тырысты. Россияға қайтып келе жатқанда,Красноярск қаласында қайтыс болды.
Резанов саяхатқа аттанған кемелер “Юнона” мен “Авось” деп аталады.