ШОПЕНИАНА

"Шопениана"

Фридерик Шопен шығармаларының желісі бойынша

1 актілі балет

(фортепианоға арналған пьесалардан сюита, ​​оркестрге өңдеген Александр Глазунов және Морис Келлер)

Хореографиясы - Михаил Фокин

 

Балет ұзақтығы: 40 минут | Үзілістер саны: үзіліссіз |

Жас санаты: 5+

 

Қатысушы кейіпкерлер:

Бозбала

Жетінші вальс

Прелюд

Мазурка

Он бірінші вальс

Жұптық

 

Абай атындағы ҚазҰОБТ симфониялық оркестрі және балет труппасы

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы-хореограф - Гульжан Туткибаева, Қазақстан Республикасының халық әртісі

Қоюшы-дирижер - Ерболат Ахмедьяров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суреткер - Вячеслав Окунев, Ресей Федерациясының халық әртісі, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты

Жарық суреткері - Юлия Каракаева

История

“Шопениана балеті — Шопеннің музыкасына және М.Фокиннің хореографиясына қойылған классикалық балет. Бұл балет хореографиялық өнердің жансүйерлеріне өте таныс, оны «Ақ балет», әуе балеті деп те атайды. Бұл балеттің романтикалық стилі. Көрермендерімізге ұсынып отырған қойылым қазір жаңа сценографиямен, жаңа костюмдермен, хореографиялық қойылымдағы жаңа нюанстарымен ерекшеленеді. Біз көрерменге осы тамаша музыкада көрініс тапқан М. Фокин қойған хореографияның өтпелігін, әуедей жеңілдігін көрсеткіміз келеді. Бұл қойылым театрымыздың репертуарына әбден сай келіп, көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленеді деп ойлаймын.” - ГҮЛЖАН ТҮТКІБАЕВА, Абай атындағы ҚазҰОБТ көркемдік жетекшісі, ҚР халық артисі.