ШЕХЕРЕЗАДА

Н.Римский-Корсаковтың музыкасына қойылған бір актілі балет

 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрындағы Н.Римский-Корсаковтың “Шехеразада” балетінің жаңа қойылымы - атақты Дягилевтің Еуропадағы орыс маусымдарында классикалық балет жанкүйерлері мен кәсіби өнер шеберлеріне көрсеткен хореографиядағы заманауи ағымның қазақ сахнасына батыл енгендігінің айқын дәлелі. Осындай балеттер 1909 -1929 жылдары жиырмасыншы ғасыр мәдениетінің авангардтық қозғалысының символы ретінде танылды. Орыс балетінде музыка, поэзия, живопись бидің айналасына тоғысып, хореография тарихында тұңғыш рет жаңа ғасырдың мәдени және стилистік өзгерістерге ұшырауы негізгі роль атқарады.

Париж қаласы Леон Бакстың жаңа сахналық идеяларына тәнті болды. Оның шығыс тақырыбы әйелдер модасы мен ғимараттардың ішкі өрнегіне әсер етті. Орыс өнері батысты бағындыра бастады.

Бишілер он тоғызыншы ғасырдағыдай техникалық вариациялар мен бет-пішін қимылдарына тығыз байланысты емес. Хореографияның жаңа дәуірінің басында тұрған Михаил Фокин өз кейіпкерінің бейнесін ашу бишiлердiң техника мен тәсілді қиюластырып жіберетін хореографиялық драмалар жасайды.

Дягилев Парижге әкелген Нежинский, Павлова, Карсавина, Ида Рубинштейн сияқты ұлы бишілер, Александр Бенуа, Леон Бакст сияқты суретшілер, сценографтар, Римский-Корсаковтан ұлы Игорь Стравинскийге дейінгі дәстүрлі музыкалық композиция қалыптасты. Сол артистердің барлығы Дягилевтің орыс балеттерімен тығыз байланыста қалғанымен, әрқайсысы өздерінің дара талантымен сол заман мәдениетіне осы уақытқа дейін сақталған айрықша өзгерістер енгізеді.

Біздің театрымызда “Шехерезада” балетін қоюшы Тони Канделоро орыс балетінің соңғы ұрпағы өкілдерімен жұмыс істеген.

Хореограф Михаил Фокиннің ең басты еңбектерінің бірі-“Шехерезада” балетінің жаңа қойылымы театр әртістерінің орындауында жаңа қырынан көрінері айқын.