КАРМЕН – СЮИТА

бір бөлімді балет

либреттосы және хореографиясы А. Алонсонікі

П. Мерименің новелласының желісімен

 

Қатысушылар:

Кармен

Хозе

Тореро

Коррехидор

Жазмыш

Темекі ораушылар

История

Майя Плисецкая 1964 жылы 39 жасқа толды. Ол Үлкен театрдың жетекші балеринасы, КСРО халық артисі және көрнекті композитор Родион Щедриннің әйелі болды. Майя «Аққу көлі», «Дон Кихот», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик», «Жизель» және «Раймонда» сияқты атақты балеттерде басты партияларды биледі. Дегенмен, дарынды және күш-қуатқа толы әртіс бұдан да көп нәрсені қалады, дәлірек айтсақ, ол сахналық мансабының басынан бері армандаған кейіпкерді сахнада бейнелеуді армандады. Кармен – дәл осы образ Плисецкаяға қатты әсер еткені сонша, ол өзі Мерименің әңгімесі мен Бизенің операсы негізінде балет либреттосын жаза бастады.

Бірнеше жыл өтіп балеринаның арманы арман болып қала берер еді егер атақты хореограф Альберто Алонсо жетекшілік ететін кубалық балет Мәскеуге гастрольдік сапармен әкелген қуанышты оқиға болмаса, Қонақтардың қойылымын тамашалап, хореографиясын көрген Майя дәл осыны көп жылдар бойы армандағанын түсінді. Плисецкая ұзақ ойланбастан Алонсоға бір актілі балет «Карменді» қоюды өтінді.

Щедрин өте қысқа мерзімде «Кармен» және «Арлезианка» операларының музыкасына еркін виртуоздық өңдеу жасады. Небәрі жиырма күн ішінде ішекті және соқпалы аспаптарға арналған транскрипция дайын болды.

«Кармен сюитасы» балетінің сахналық өмірі оңай басталмады, бірақ бүгінде оның даңқы шарықтап, бүкіл әлемде қойылып, көрсетілуде. «Кармен» қаскөйлер болжағанындай өлген жоқ, қайта әр жаңа қойылым сайын жаңа өмірге, жаңаша кейіпке енеді.