Абай атындағы театр “Абайға тағзым” онлайн концертіне шақырады

29.05.2020

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 31 мамырда көрермен назарына "Абайға тағзым" концертінің видео нұсқасын ұсынады.

 

Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абай атындағы опера және балет театры көктем айларына ауқымды бағдарлама дайындаған еді. Олардың қатарында халықаралық “Абай әлемі” фестивалі, халықаралық “Әнді сүйсең, менше сүй” опера вокалистерінің байқауы, байқаудың қазылар алқасы мен қонақтарының концерті және мастер-кластар болды. Оған қоса, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы елдерінің жетекші солистерінің қатысуымен Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің “Абай” операсын қою жоспарланды.

 

Пандемияға байланысты жоспар өзгеріп, “Абайға тағзым” концертінің видео нұсқасын жасауға шешім шығарылды. Концертте опера өнері майталмандары Абай әндері мен оның өлеңіне жазылған әндерді шырқайды, – деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

 

Көрермен концертті 31 мамырда сағат 17.00-де театрдың YouTube-тегі Abay Theatre ресми каналынан тамашалай алады. Онда көп композиция оркестрге ыңғайланған нұсқамен алғаш рет орындалғалы отыр.

 

Baribar