Жаннат Бақтай Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсында

23.01.2018

28 қаңтарда Қаз КСР еңбек сіңірген артисі Кеңес Бақтаевтың 80 жылдығына арналған Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында Шеге партиясын орындайтын әкесімен бірге танымал қызы Жаннат Бақтай қатысады. «Астана Опера» театрының жетекші солисті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаннат Бақтай 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын «Жеке ән айту» (професссор Н.А. Шәріпованың классында) және «Фортепиано» (Н. Измаиловтың классында) мамандықтары бойынша бітірді. 1998 жылы «Жеке ән айту» классы бойынша ассистентура-тағылымдамадан өтті. Йези қаласында (Италия, 2009 ж.); Associazione Opera Italiana di Bologna’да (Болонья қ., Италия); ACCADEMIA Teatro alla Skala’да (Милан қ., Италия) халықаралық тағылымдамадан өтті.

1998 жылдан Республикалық Гвардияның Президент оркестрінің солисті; сол жылдан Абай атындағы МАОБТ солисті; 2000 жылдан К. Байсейітова атындағы ҰОБТ солисті; 2013 жылдан бастап «Астана Опера» МОБТ жетекші солисі.

 

Наградалары:

М. Глинка атындағы халықаралың байңау лауреаты (1997)

Бакудегі Бюль-Бюль атындағы халықаралық байқауының лауреаты (1998)

Болгариядағы халықаралық байқауының лауреаты (София қ., 2003)

Пхеньянда өткен «Сәуір көктемі» халықаралық фестиалінің лауреаты (2003)

«Қазақстан Таңдауы» сыйлығының лауреаты, «Жыл адамы – 2003»

«Құрмет» орденінің иегері (2005)

 

Жаннат Бақтай Абай атындағы МАОБТ (Алматы), Қазан опера театры, Үлкен театр, Жаңа опера (Мәскеу), Саратов академиялық опера және балет театры сахналарында, сондай-ақ «Кеннеди Орталығы», Линкольн-театры (Вашингтон), «Карнеги-Холл» (Нью-Йорк), «Сантори-Холл» (Токио) және тағы басқа күллі әлемге танымал концерттік залдарда ән айтты. Ринат Салаватов, Фуат Мансуров, Ринкявичус сияқты атақты дирижерлармен бірігіп жұмыс істеген. Оның репертуарына Жібек (Е. Брусиловский, «Қыз Жібек»), Алтынай (М.Төлебаев, «Біржан-Сара»), Қамар (Е. Рахмадиев, «Қамар-сұлу»), Мамыр (Б. Кыдырбек, «Қалқаман-Мамыр»), Виолетта (Дж. Верди, «Травиата»), Джильда (Дж. Верди, «Риголетто»), Дездемона (Дж. Верди, «Отелло»), Одабелла (Дж. Верди, «Аттила»), Розина (Дж. Россини, «Севилия шаштаразы»), Чио-Чио-Сан (Дж. Пуччини, «Мадам Баттерфляй»), Сюзанна (В.А. Моцарт, «Фигароның үйлену тойы») Ж. Оффенбахтың «Гофман ертегілері», Дж. Пуччинидің «Богема», «Манон Леско», «Турандот» операларындағы басты партиялар кіреді.

Туа біткен нәзік әртістік қасиетінің арқасында тек қана опералық репертуарды ғана емес, сонымен қатар камералық музыканы орындауға мүмкіндік береді. Әншінің концерттік репертуары Г.Ф. Гендельдің, Б. Перголезидің шығармаларынан бастап Р. Штраустың, Р. Вагнердің, С. Прокофьевтің шығармаларына дейінгі аралықты қамтиды.