13.03.2020

COVID -19 таралуының алдын алу жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) шешіміне байланысты, Абай ат. ҚМАТОБ 13 наурыздан 1 мамырға дейін жоспарланған спектакльдердің күні 86-театр маусымының соңына дейін кейінге шегерілетіндігін хабарлайды.

 

 

Спектакльдердің нақты ауыстыру күндері театрдың ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жеке жарияланатын болады. Бұрын сатып алынған билеттер жарамды болып табылады.

Театр кассасында сатып алынған билеттерді қайтару бойынша төмендегі мекен-жайға жүгінуге болады:

Қабанбай батыр көш., 110

+7 727 272 79 34

(демалыссыз, сағ: 10.00 - 18.00, үзіліс сағ. 14.00 - 15.00)

Онлайн сатып алынған билеттерді қайтару бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз:

call-centre Тикетон.кз - +7 727 225 10 50, +7 771 936 53 53

call-centre Zakazbiletov.kz - +7 727 2 77 76 66, +7 727 237 82 84

https://zakazbiletov.kz/ru/page/2-vozvrat-biletov Kassir.kz https://kassir.kz/pages/poryadok-i-usloviya-vozvrata-denezhnyh-sredstv

Біз әрбір көрерменге түсіністік танытқаны үшін шын жүректен алғыс айта отырып, жақын арада өздеріңізді театрымызда күтеміз!