Құрметті журналистер!

Құрметті журналистер!

Пресс-конференцияға қатысушылар алдағы маусым жайында, премьералар, фестивальдер, концерттер мен гастрольдер туралы айтады. Сондай-ақ, өткен маусымның басты тұстары да айтылады.

Пресс-конференцияларға қатысушылар:

Қаражанов Қ. Б. – директордың шығармашылық сұрақтар бойынша орынбасары;

Жарасов Н. С. – бас дирижер;

Иманғазина Л.Х. – опера труппасының жетекшісі;

Түткібаева Г. У. – бас балетмейстер;

Темірбекова А. Ж. – бас хормейстер.

 

Дәстүрлі түрде, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры өзінің 84-театр маусымын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашады. Басты партияларды ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев, Венера Алпысбаева, Нұржан Бажекенов орындайды.

Жаңа маусымда көрермендерді бір қатар премьералар күтеді. Қазан айында театр Борис Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінің жаңа қойлымын көптеген жылдар осы балеттегі Зареманың партиясын орындаған ҚР халық артисі Гүлжан Түткібаеваның қойылымында ұсынады. Желтоқсанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театрдың директоры және көркемдік жетекшісі Асқар Бөрібаевтың жетекшілігімен Джоаккино Россинидің «Золушка» операсының премьерасы қойылады. Спектакльдің режиссеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ләйлім Иманғазина. Жарық, сценографиясы мен костюмдері Ресейдің халық суретшісі, РФ мен ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Вячеслав Окуневтікі.

2018 жылы Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштараз» және Сергей Прокофьевтің «Үш апельсинге деген махаббат» күлкілі опералары, сондай-ақ Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балетінің қойылымдары жоспарлануда.

Опера және балет театры жаңа маусымның ашылуына дайындық үстінде және өз көрермендерін асыға күтеді.

Байланыстар: Тел: 8(727) 272-20-42; 8 701 399 2440 – Екатерина Ким, 8(727) 272 -44-91; 8 701 393 39 83 – Екатерина Ченцова

Абай атындағы МАОБТ Алматы қ., Қабанбай батыр к. 110

 

 

27/09/2017