Пресс релиз «Күлбикеш»

Пресс релиз «Күлбикеш»
Құрметті журналистер!

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Сіздерді 2017 жылдың 5 желтоқсан күні сағат 11-00 де болатын пресс-конференцияға шақырады. Пресс-конференцияда жақында болатын Дж.Россинидің «Күлбикеш» операсының премьерасы мен театрдың жуырдағы шетелдегі гастролі туралы айтылады.

  • - Директор және көркемдік жетекші – Асқар Бөрібаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
  • - Режиссер – Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
  • - Суретші - Вячеслав Окунев, Ресейдің халық суретшісі
  • - Хормейстер – Әлия Темірбекова
  • - Опера солисті – Оксана Давыденко
  • - Опера солисті - Андрей Трегубенко, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Ш.Перроның ханзаданы кезіктірген кір қожалақ қыз туралы дәстүрлі ертегі желісін Россини жаңа тосын жайттармен толықтырып, күлкілі операға айналдырды. Операда Күлбикештің өгей шешесінің орны өгей әкесі - барон Маньификомен, перизаттың орны сиқыршы Алидоромен ауысады.

Рамиро ханзада өзінің қызметшісінің киімін киіп Күлбикешпен балға дейін кездеседі. Ханзаданың ролін дон Маньификоның қыздарының мінезі мен пиғылын білу үшін тәж киген оның қызметшісі Дандини ойнайды. Балда Күлбикеш аяқ киімін жоғалтпайды, бірақ ханзадаға білезігін береді. Сол білезік арқылы ол қызды табу керек болады.

Опера күлкілі жайттарға және әлбетте, жарқыраған әрлі костюмдер мен декорациялар арқылы іске асқан сиқырға , бейнеграфиканың бірегей шешіміне толы.

Операның премьерасы 1817 жылы 25 қаңтарда Римде Валле театрында қойылды. Енді, міне , 200 жыл өткен соң Алматы қаласында бірінші рет қойылатын болды.

 

Екатерина Ченцова - 8 777 272 41 81

Екатерина Ким - 8 701 399 24 40

24/11/2017