ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Пресс-конференция 2017 жылдың 19 мамыр күні сағат 11.00-де,
алдын-ала көрсетілім сағат 12.00-де болады.
Құрметті журналистер!
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры
Сіздерді Л. Делибтің «Коппелия» балетінің жаңа қойылымына арналған пресс-конференцияға және алдын ала көрсетіліміне шақырады.
Пресс-конференцияларға қатысушылар:
Дирижер– Е.Қ.Ахмедияров
Балет труппасының жетекшісі – Г.Ұ. Түткібаева, ҚР халық артисі
Суретші – В.А. Окунев, Ресейдің халық суретшісі
Пресс- Релиз
2017 жылғы 20 мамыр күні Абай атындағы Қазақ мемлееттік академиялық опера және балет театры көптеген жылғы тарихында алғаш рет ҚР халық артисі Гүлжан Түткібаеваның қойылымындағы француз композиторы Л.Делибтің «Коппелия» күлдіргі балетінің Премьерасын ұсынады. Дирижер- Ерболат Ахмедияров. Стенография мен костюмдер -Вячеслав Окунев, Ресейдің халық суретшісі, ҚР және РФ Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.
Пётр Ильич Чайковский Лео Делибтің шығармашылығы туралы: «Осындай нәзіктік, әуен мен ырғақтың осындай әдемілігі, керемет аспаптау бұрын-соңды балетте болмаған» - деп жазған.
XIX ғасырдағы француз композиторларының ішінде Делибтің шығармашылығы өз стилінің өзгеше бір анықтылығымен ерекшеленді: оның музыкасы жинақы және әсерлі, әуенді, әрі ырғақты, үйлесімді және шынайы. Композитордың қолайлы дағдылы орны музыкалық театр болды, ал оның есімі XIX ғасырдағы балет музыкасындағы жаңашыл бағыттың синониміне айналды. «Коппелия» балеті Делибке еуропалық танымалдық акелді және оның шығармашылығындағы мәрелі туынды болды. Бұл шығармада композитор балет өнерін терең түсінуді көрсете білді. «Коппелияда», сюжетке сәйкес, тек француз әуені мен ырғағы ғана емес, сондай-ақ поляк (мазурка, краковяк), венгрлік (чардаш, баллада Сванильды) әуендері де қолданылды, оларда жанрлық-күнделікті күлдіргі операның элементтері көбірек байқалады. Көріністің ықшамдылығы мен динамикасы, әсемділігі мен мәнерлілігі, би қимылының икемділігі мен айқындылығы – Делибтің музыкасының ерекшелігі. Ол - би сюиталарын пантомим көріністер - аспапты «речитативтермен» байланыстырған жеке нөмірлердің шебері. Бидің драматизмі, лирикалық мазмұндылығы партитураны белсенді симфониялық кемелденумен толықтырып, жанрлылықпен және көркемділікпен үйлестіреді. Балетте қуыршаққа ғашық болған жас жігіттің керемет махаббаты жайында баяндалады. Ол тастап кеткен қалыңдықтың қайғы-қасіреті мен қызғанышы туралы және адам жанын алдап-арбаған алхимияның ұлы профессоры, доктор Коппелиустың құпиялы тәжірибесі жайында, нәтижесінде – тылсым оқиғаның сыры маңызды әрі өнегелі тұжырымға алып келеді – адам дүниесі билікке деген құмарлыққа, қатыгездікке толы және тек шынайы махаббат қана адамзатты құтқаруға қабілетті.
Байланыстар:
Тел: 8701 399-24-40, 8(727)272-20-42 – Катерина Ким
8701 778-15-48, 8 775 972-22-67, 8 (727) 272-44-91 – Айнур Досаева
Абай атындағы МАОБТ, Қабанбай батыр көшесі, 110
29/05/2017