Бибігүл Төлегенованың Х Халықаралық вокалистер байқауы аяқталды. Жыл сайын байқау көптеген жас таланттардың жаңа есімдерін ашуда. Қазылар алқасының көрнекті мүшелерінің алдында өнер көрсетуге, олардың осындай маңызды кеңестері мен ұсыныстарын тыңдауғамүмкіндік береді.

 

Театрдың концертмейстерлері Гүлнар Жидиловаға, Әсел Давлетьяроваға, Марина Алтуховаға, Диана Нұрқановаға және Алияр Отетлеуге ерекше алғыс білдіреміз. Олардың жоғары кәсіпқойлығы мен ықыластылығы репетициялар мен конкурстық тыңдау кезінде ерекше атмосфера тудырды.

 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының оркестрі, дирижер – Ерболат Ахмедьяровтың жетекшілігімен байқаудың финалдық кезеңіне тамаша көрік берді.

Сайыс соңында Абай ат. ҚМАОБТ солисі - Евгений Шагаровты байқаудың ІІІ сыйлық лауреаты атағымен, ал концертмейстер - Диана Нұрқанованы «Үздік концертмейстер» дипломымен шын жүректен құттықтаймыз.

 

Сондай-ақ байқаудың ІІ сыйлық иегері - Мухамадиев Камолиддин (Термез қ., Өзбекстан) театрдың арнайы сыйлығымен марапатталды. Жас артис театрдың ағымдағы репертуарындағы спектакльдің бірінде жетекші партияны орындауға мүмкіндік алды.

Бибігүл Төлегенованың байқауы тағы бір жаңа жұлдызды жарқыратты!

22/09/2019