Пресс-релиз

Пресс-релиз

Құрметті журналистер!

2018 жылғы қыркүйектің 7-9 аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауы аясында Грузияның Тбилисси қаласындағы З. Палиашвили атындағы опера және балет театрының сахнасында өз өнерін көрсетуді жоспарлап отыр.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Елбасының жолдауында Еліміздің Үшінші жаңғыруы бастау алғаны туралы хабарлаған болатын. Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Екі маңызды жаңару процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бастау алды. Аталған реформаның ең маңыздыларының бірі: әлемдік кеңістікте Қазақстан халқының мәдениетінің бәсекеге қабілеттілігін, өзіндік ерекшелігін және өзара ықпалын көрсететін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасы.

Театр Грузия көрермендерін Қазақстанның жарқын өкілдерінің орындауындағы опера және балет өнерімен таныстыруды жоспарлап отыр.

Труппаның құрамында Қазақстанда, сондай-ақ алыс шет елде де кәсіпқой мамандар мен көрермендердің алғысына ие болған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық айтулы конкурстарының лауреаттары қатысады.

Театрдың гастрольдері З. Палиашвили атындағы Грузия опера және балет театрының тарихи сахнасында өтеді. Көрермендердің назарына келесі бағдарлама ұсынылады:

2018 жылдың 7 қыркүйегінде Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы

«Абай» операсы театрдың визит карточкасы ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның опера жанрындағы негізгі туынды болып саналады. Соңғы жылдары бұл опера Алматы, Астана және Шымкент қалаларының опера театрларында жаңа қойылымымен қайта жанданды. Өзінің ерекшелігімен, музыкалық тілімен, классика ережесімен баяндалған халық-ән мұрасымен тығыз байланысты бұл туынды өзге халықтар мен ұлттардың көрермендерінің жүрегінен орын алып отыр.

Опера Францияның Париж қаласындағы Champs-Elysees театрының сахнасында сәтті өтті, сондай-ақ 2012 жылы қазақтың ұлттық операсының жауһары «Абай» операсының еуропалық премьерасы Оңтүстік Тюрингия (Германия) Майнинген мемлекеттік операсының сахнасында маэстро Алан Бөрібаевтің жаңа өңдеуінде қойылды.

2018 жылдың 8 қыркүйегінде Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балет-поэмасы

«Бақшасарай бұрқағы» спектаклінің музыкасы, хореографиясы, сценографиясы бірігіп, ерекше туынды болды және спектакльге үздік туынды сапасын беріп, хореографиядағы «хореодрама» деген жаңа бағытқа бастама алды. Балеттің премьерасы 1934 жылы 28 қыркүйекте Ленинградтың Киров (Мариин) атындағы опера және балет театрында үлкен сәттілікпен өтті. Осы күнге дейін балет әлемнің жетекші театрларының репертуарларында орын алып келеді. Біздің театрда дирижер «Бақшасарай бұрқағы» бірінші рет 1942 жылы 24 мамырда жарық көрді және қазақтың классикалық балет өнерінің дүниеге келгендігі туралы белгісі болып саналатын балеттердің ішіндегі алғашқы спектакльдерге кірді. Мария партиясын аты аңызға айналған Г. Уланова орындады. Балет 1958 жылы және 1981жылы екі рет жаңартылып қойылды.

2017 жылы балет Вячеслав Окуневтің жаңа сценографиясымен, театрдың бас балетмейстер Гүлжан Түткібаеваның қойылымда қайтадан өмірге келіп, жаңа бояулармен жанданды.

2018 жылдың 9 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының хоры, симфониялық оркестрі мен опера труппасының солистерінің қатысуымен Гала-концерт өтеді. Концерттің бағдарламасында қазақ, батысеуропалық және грузин композиторларының шығармалары театрдың жетекші солистерімен орындалады: ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзат Даурбаева, Балапан Жұбаева, Дина Дүтмағамбетова, Талғат Күзембаев; Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Зарина Алтынбаева, Оксана Давыденко, Елена Никонова, Надия Наденова, Анастасия Кожухарова, Дана Таласпекова, Дамир Садуахасов, Эмиль Сакавов, Олег Татамиров, Балуан Беркенов, Төлеген Рахымбаев , Таир Тажи және театрдың симфониялық оркестрі мен хоры. Дирижерлік пультте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының көркемдік жетекшісі Асқар Бөрібаев.

Гастрольдер Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

22/08/2018