Ақпарат

«АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
 
Театр жайында қысқаша
 
___1933 жылы 29 қыркүйекте Алматыда Қазақтың АКСР Халық ағарту Комиссариаты алқасының шешімімен елу актерден, симфониялық оркестрдің жиырма музыкантынан және ұлттық оркестрдің  он екі  адамынан құрылған музыкалық студия ашылды.  
___Халық ағарту Комиссариаты шешіміне сәйкес алғашқы «...қазақтың музыкалық опера және балет театры» ашылу құрметіне 1934 жылы 13 қаңтарда көпшілік алдында бірінші рет М.О.Әуезовтың пьесасы бойынша музыкалық студияның күшімен «Айман-Шолпан»  музыкалық комедиясы орындалды.
___1933 жылы Бүкілодақтық байқауда жұмысы үздік болып танылған мәскеулік сәулетші Н.А.Кругловтың жобасы бойынша театрдың ғимаратының құрылысын сәулетшілер Н.А.Простаков пен Т.К.Басенов 1936 жылы бастап, 1941 жылы аяқтады.
___1941 жылы 7 қарашада Театр өз ғимаратында жұмысын бастады. Осы жылы театр академиялық мәртебесін алып, 1945 жылы Абай есімі берілді. 1995 жылдың маусымынан 2000 жылдың 13 желтоқсанына дейін Театр ғимаратында итальяндық классицизмі мен Қазақстанның сәулет өнеріндегі ұлттық үлгісінің дәстүрлі элементтерімен үйлестірілген негізгі архитектуралық стиль - ампирды сақтай отырып  үлкен  жөндеу жұмыстары жүргізілді.
___Жалпы алғанда ғимараттың  декоры мен көркемдік – стилі сақталды, ал екінші қабаттағы фойе мен көрермендер залының өрнектеріне «Алтын адам» костюмын әшекейлеген  орнаменттердің элементтері қосылды. Қазақтың халық өнерінің дәстүрінің байлығы мен әртүрлілігі театрдың басқа да  ішкі көрінісін өрнектеуде  қолданыс тапты.
___793 көрерменге арналған Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры  бүгінгі таңда Алматы қаласының жауһарларының бірі болып саналады.
___Заманауи Абай атындағы МАОБТ – шығармашылық құрамында өз өнерлерін  атақты сахна шеберлерімен қоса шындап келе жатқан жас таланттары бар  Еуразиядағы үлкен театрлардың бірі.
 
Біздің мекенжайымыз: Алматы қ. 050000, Қабанбай батыр к. 110
Театр әкімшілігі: +7 (727) 272-79-63, 272-44-91, 272-20-42
Электрондық адресЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Касса: + 7 (272) 272-79-34
Автор : btamedia