Абай атындағы ҚМАОБТ 87-маусымын “Ұлы Абайға тағзым!” атты концертпен ашады

08.10.2020
Абай атындағы ҚМАОБТ ұзақ үзілістен кейін алматылықтар мен қала қонақтарына есігін айқара ашады.
87-театр маусымы ашылған күні, яғни 8 қазанда театр сахнасында “Ұлы Абайға тағзым!” атты концерт болады. Театр 75 жылдан бері әр маусымды ұлттық музыкалық өнердің інжу-маржаны Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің “Абай” операсымен ашып келеді. Осы жылы дәстүрді сақтап қалу мақсатында МАОБТ шығармашылық ұжымы қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушысының 175 жылдығына арналған “Ұлы Абайға тағзым!” қойылымын ұсынады.Онда көрермен сүйіп тыңдайтын ария, дуэт және “Абай” операсынан көріністермен қатар, қазақстандық композиторлар Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Сыздық Мұхамеджанов, Еркеғали Рахмадиев, Нұрғиса Тілендиев, Қапан Мусиннің әндері мен романстарының премьералық орындаулары да болады. Бұл туындылар симфониялық оркестрдің әуенімен бұрын-соңды орындалған емес. Сондықтан жаңа аранжировка мен әндердің жаңаша орындалуы тыңдаушыларымыздың жүрегіне жетіп, ұлттық вокалдық мұраның алтын қорын айтарлықтай байыта түседі деп үміттенеміз – дейді директор Ая Қалиева. Қазан айында көрерменді ресейлік режиссер Алексей Смирнов пен суретші Елена Бодрованың дуэтіндегі, Григорий Фридтің “Анна Франк күнделігі” моно операсының премьерасы күтіп тұр. Спектакль 13 жасар қыздың күнделігі негізінде қойылды. Бұл шығарма соғыстың адамгершілікке жатпайтын бет-бейнесін әшкерелейтін үлкен адамзат трагедиясының тарихи құжатына айналды. 2020 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске және Анна Франктың өмірден өткеніне 75 жыл толды. Бала күнделігіндегі жазбалар барлық жастағы оқырманды тәжірибелі ақын-жазушылардың шебер жазған кітаптарынан бетер таңғалдырады. “Анна Франк күнделігі” 70 тілге аударылып, ЮНЕСКО бағдарламасының “Әлем жады” тізіміне енгізілді.Операның музыка тілі қарапайым емес. Өйткені ол классикалық және заманауи композиторлық стильдердің тоғысында жазылған. Сондықтан ол басты кейіпкердің партиясын орындаушылардан жақсы вокалдық дағдыны талап етеді, өте күрделі. Партияның эмоционал компоненті де оңай емес. Себебі музыкалық желінің көмегімен композитор жасөспірімнің көңіл-күйіндегі айырмашылықтарды: лирика сезімінен жамандыққа, көңілді күйден қайғы мен трагедияға жеткізеді, – деп түсіндірді Ая Қалиева.
Операдағы басты партияларды театр солистері Венера Алпысбаева (сопрано) және Нәдия Нәденова (сопрано) орындайды. Операның қоюшы дирижеры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров.Театр көрерменмен көптен күткен кездесуге дайындалып, оның қауіпсіздігіне қамқорлық жасай отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және көрермен залында отырудың жаңа ережелерін енгізді.
Материал: Baribar